Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Мангистауская область

Президент мақаласы талқыланды

Президент мақаласы талқыланды

Түпқараған ауданы әкімдігінде «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығының төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаевпен кездесу өтті. Кездесу Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты сабақтас бағдарламалық мақалаларын түсіндіру, оны жергілікті жерлерде іске асыру мақсатында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өмірзақ Озғанбаев өз сөзінде Елбасы бастап берген мақаланың мәніне тоқталып: - елімізде 2019-2025 жылдары архивтерді реттеу жұмыстары басталғанын білесіздер. Бұл бізге көптеген ақпараттарды қайта қалыптастыруға, білмегенімізді білуге, тарихымызды жөндеуге көптеп көмектесері анық. Ресей мен Қытайда біздің еліміз туралы мағлұматтар өте көп.Басқа да ш етелдердегі біздің еліміз туралы мағлұматтарды елге әкелуіміз керек. Осы жылы дүниежүзі түркологтарының басын біріктіретін үлкен жиын жасау, Ұлы даланың тұңғыштарына арналған саябақ жасау, Ұлы даламыздың қырандары туралы мұражай  ашу,  ұлттық күй-саздары жиналған антология шығару, түркі елдері туралы кино және әдеби кітаптарды көбейту жұмыстары жүретін болады, - деді жиында.